13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ХКК мен ҚРКФ ынтымақтастығы: еңбеккерлердің құқықтарын нығайтуға ортақ бағыт

28 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ХКК мен ҚРКФ ынтымақтастығы: еңбеккерлердің құқықтарын нығайтуға ортақ бағыт
28
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының БЕАК атқарушы хатшысы Антон Леппикпен кездесті.

ҚРКФ төрағасы шетелдік әріптеске Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ХКК мүшелігін қалпына келтіру мәселесінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, кәсіподақтардың ағымдағы қызметі туралы хабардар етті.

«ХЕҰ №131 «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» конвенциясын ратификациялау мәселесін алға бастыру жөніндегі біздің бастамамыз Ел Премьер-Министрінің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алқасының хаттамасына енгізілді. Сондай-ақ, шешімдері ұсынымдық емес, міндетті сипатта болуы тиіс Әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның мәртебесін көтеруді ұсындық», — деді Сатыбалды Дәулеталин.

ҚРКФ төрағасы, сондай-ақ, кәсіподақтардың «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» заң жобасын әзірлеуге тікелей атсалысатынын және оның мерзімінен бұрын қаралып, қабылдануына лобби жасайтынын атап өтті.

«Қазақстанның кәсіподақ қоғамдастығы әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізудің басты құралы әлеуметтік әріптестердің тиімді өзара іс-әрекеті екенін түсінеді. Оның үстіне біздің қоғамда әлеуметтік әділеттілікке деген сұраныс өте жоғары», – деді Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

Ол келесі маңызды басымдық ретінде Қазақстан кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді атады.

Өз кезегінде ХКК БЕАК атқарушы хатшысы Антон Леппик қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жұмыскерлердің бес негізгі құқығының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Федерация көтерген еңбек қауіпсіздігі тақырыбы Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының күн тәртібіне сай келеді. Қауіпсіздік жөніндегі ХКК тақырыптық сессиялары Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы үшін ашық екенін атап өтемін. «Жұмыс орнында нөлдік өлім» науқанына қосылыңыздар. Сіздердің тәжірибелеріңіз шетелдік әріптестер үшін қызықты болады», — деп үндеу тастады Антон Леппик.

ХКК өкілі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ХКК аясында да, Орталық Азия елдері кәсіподақтарының Кеңесі құрамында да кәсіподақ қозғалысындағы интеграциялық үдерістерге жаңа серпін беруге ұмтылысын қолдайтынын білдірді.

Сонымен қатар, Антон Леппиктің айтуынша, ХКК Кәсіподақтар федерациясына ЭЫДҰ елдерінің Кәсіподақтық консультативтік комитетімен байланыс орнатуға көмектеседі.

Жұма күні ХКК БЕАК Атқарушы хатшысы Антон Леппик Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік әріптестер форумына қатысады, онда ол Мельбурн қаласында өткен Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының V конгресінде қабылданған Жаңа әлеуметтік келісімді ілгерілетудегі халықаралық кәсіподақ қозғалысының күн тәртібі мен басымдықтарын таныстырады.

ҚРКФ медиаорталығы

Previous Post

Астанада ХЕҰ мен ҚРКФ арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

Next Post

ҚРКФ Бас кеңесі: Қазақстандық кәсіподақтар 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында өткізеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі