13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте «Smart student» сайысының жеңімпаздары марапатталды

18 ноября, 2022
in Қоғам
0
Шымкентте «Smart student» сайысының жеңімпаздары марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте Халықаралық студенттер күніне орай «Smart student» сайысының жеңімпаздары марапатталды. Жоғары оқу орындарында өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға бағытталған сайысты қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырып отыр. Мерекелік басқосуға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Айсұлу Ерниязова, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы
Мұратжан Шотанов және шаһардағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Жиында алғаш сөз алған А.Ерниязова студенттерді мерекемен құттықтап, жастарды толғандырған кез келген мәселені ашық талқылауға дайын екенін жеткізді.
–Күні кеше Түркістан қаласында министрлік жанындағы студенттер кеңесінің алғашқы отырысын өткіздік. Еліміз бойынша 80-нен астам ЖОО-ның студенттерімен бірлесе бірқатар мәселені талқыладық. Алдағы уақытта осы ұсыныстар негізінде ауқымды жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Бүгінгі күннің өзгерісін қалыптастырушы студент жастар екенін ескеріп, біз олардың барлық ұсынысы мен мәселесіне ашықпыз, — деді министрлік өкілі.
Қалада ЖОО арасында өзін-өзі басқару жүйесін енгізу үшін қыркүйек айынан бастап студенттер арасына интеллектуал ойындар ұйымдастырылды. Жастар арасында пікірлесуді қалыптастыратын іс-шараларда көшбасшы студенттер өздерінің белсенділігін көрсетіп, тәжірибе алмасқан.
–Қазір қаламызда 240 мыңнан астам жас бар. Жастар саясатын кезең-кезеңмен жүзеге асыру үшін «Smart student» секілді ауқымда жобалар іске асырылып жатыр. Мұндай жобалар зор мүмкіндіктерге жол ашады. Жастар табанды еңбек етіп, қаламызды гүлдендіруге, «Әділетті Қазақстанды» құруға белсене атсалысатын болса, еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Сіздердің студенттік шақтарыңыз Қазақстанның тарихи кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Мемлекет басшысының бастамасымен елде ауқымды реформалар қолға алынып, халқымыз ашық, әрі әділетті қоғам құру идеясы төңірегінде топтасуда. Елдің жаңғыруы сіздерге тамаша мүмкіндік ұсынумен бірге, зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан интелектуалды жобаларда белсенділік танытудан тайсалмауға шақырамын. Жоба жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын, – деді
Мұратжан Шүкірханұлы өз құттықтау сөзінде.
Мұнан кейін басқарма басшысы жобаға белсене атсалысқан жастар мен жеңімпаздарды марапаттады. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Академик Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті иеленсе, ІІ орыннан Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы көрінді. Ал жүлделі І орынды Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университеті қанжығалады. Барлық жеңімпазға диплом мен қаржылай сыйлық табысталды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзжастар саясатыШымкент
Previous Post

Шымкент: Байқау жеңімпаздары марапатталды

Next Post

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕРЕКЕНІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ДА АТАП ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі