13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкенттік дәрігерлер эпилепсияға шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасады

24 ноября, 2022
in Қоғам
0
Шымкенттік дәрігерлер эпилепсияға шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттік дәрігерлердің күрделі неврологиялық ауруларды емдеуге мүмкіндігі артып отыр. Олар шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу барысында эпилепсияға шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасады.

Қалалық балалар клиникалық аурухана базасында басталған шеберлік сабағы «Балалар нейрохирургиясындағы операцияның инновациялық әдістері» ғылыми конференция тақырыбы аясында өтуде. Оған еліміздің әр аймағынан келген 30-ға жуық дәрігер қатысуда.

Іс шара екі күнге созылады. Осы уақыт аралығында Ресейден келген білікті мамандардың қатысуымен бұрын соңды болмаған нейрохирургиялық оталар жасалынады.

Атап айтқанда, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, краниостеноз- синостоз, Арнольда Киари синдромы бар, церебральды сал ауруы кезінде дорзальды ризотомиясы, Мойя-Мойя ауруына шалдыққан науқастарға күрделі операциялар жасау жоспарлануда.

Отаны шеберлік сабағы кезінде ресейлік дәрігер РФ «В.А.Алмазов атындағы ұлттық медицина зерттеу орталығы» ФГБУ университетінің балалар нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ким Александр Вонгиевич және мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Алматы қаласы ҚБСБ ШЖҚ «№2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасы»МКК бас дәрігері, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нейрохирургия кафедрасының доценті Рабандияров Марат Рабандиярович басқа да отандық дәрігерлермен бірігіп жасамақ.

— Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен былтыр МРТ және ангиогроф, нейрохирургиялық микроскоп аппараты алынды. Осы аппараттарды қолдана отырып, оталар жасаймыз. Жаңа әдістерді меңгеру — біліктілігімізді арттыруға зор септігін тигізеді»-дейді қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Динара Жумадилова.

Шеберлік сабағын өткізудегі негізгі мақсат — Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасындағы нейрохирургиялық қызметті жоғары деңгейде дамытып, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентәлеумет
Previous Post

ТҮРКІСТАН «Оқушылар сарайы» ЮНЕСКО клубтарының мүшесі атанды

Next Post

Шымкент : Қыс мезгіліне арнайы техникалардың дайындығы пысықталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі