13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру бойынша жұмыстар жүйелі жүргізіле береді

24 ноября, 2022
in Қоғам
0
Азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру бойынша жұмыстар жүйелі жүргізіле береді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі өткен жаңа Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Шотанов Мұратжан Шүкірханұлының есебінде көрсетілгендей Шымкент қаласында 563-тен астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның қазіргі таңда 100-ге жуығы белсенді.

Қалада азаматтық қоғам институттарын дамыту және белсенділігін арттыру мақсатында «Азаматтық қоғамды дамыту жол картасы» жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Азаматтық ресурстық орталық» ашылды.

Орталықтың жұмысын үйлестіруші Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының бірлестігі. 2021 жылы «Азаматтық Альянстың» құрамында 35 ҮЕҰ тіркелген болса, «Жол картасы» жобасы аясында қауымдастықтың құрамына қаладағы 58 ұйым біріктірілді. Онда қала тұрғындарын қабылдау кестесі бекітіліп, кестеге сәйкес 20 жуық қоғамдық бірлестіктер өз бағыттары бойынша қала тұрғындарына 45 рет қабылдау жүргізді

Халықаралық «Ашық кеңістік» форматында қаланың азаматтық сектор көшбасшыларының қатысуымен «Barcamp-2022» іс-шарасы Шымкенттен бастау алды. Бұл іс-шара «Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының» 1 кезеңін қорытындылау мақсатында ұйымдастырылды.

Нәтижесінде қала аумағында, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын ҮЕҰ коалициясы құрылып, коалицияның бастамасымен, Басқарманың қолдауымен Көрме орталығында мүмкіндігі шектеулі жандардың туындыларынан «Күз мерекесі» көрмесі өткізілді.

-2022 жылы Басқармамен жүзеге асырылып жатқан 21 жобаның 9 жобасы Орталыққа біріктірілген ҮЕҰ өкілдерімен ұсынылған жобалардың аясында жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты — қаланың шалғай орналасқан елді мекендеріндегі тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды нашақорлыққа және есірткіге қарсы насихаттау, тұрғындарды қала өмірінің құқықтық мәдениетіне, тұрмыс тіршілігіне бейдімдеу. Нәтижесінде, тұрғындарының пікірінше жаңа мазмұндағы енгізілген бұл жоба, өздерінің қоғам өміріне белсене қатысуына қызығушылықтарын арттыруына негіз болғанын ескеріп, Жобаны тұрақты түрде өткізуге ұсыныстарын білдірді- деді, басқарма басшысы М.Шотанов.

Сондай-ақ, түрлі акциялар өткізу арқылы тұрғындарды қала тіршілігіне белсенді араласуға мүмкіндіктер жасалды. Атап айтсақ, «Таза қала» акциясы аясында ағымдағы жылы өздерінің тұрғылықты мекенжайын таза және үлгілі етіп ұстаған «Үздік аудан», «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік үй», «Үздік коммуналдық қызметкер» номинация иегерлері жүлделі орынға ие болды.

Қазақстан Республикасының Рәміздерінің 30 жылдығын қала аумағында кеңінен насихаттау мақсатында «ҚР Рәміздерінің 30 жылдығы» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында «Үздік ролик», «Үздік пост», «Үздік іс-шара» номинациялары бойынша байқау ұйымдастырылды, мемлекеттік туды дәріптейтін авто, вело, шерулері өтті. «25 қазан Республика күніне орай» «Көк тудың желбірегені» патриоттар форумы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекетттік комиссияның» Шымкент қаласындағы өңірлік комиссиясының Жұмыс тобымен Республикалық жобалық кеңсемен бекітілген 9 бағыт бойынша қала аумағында архивтерде, шет елдегі архивтерде зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында Өңірлік комиссияның жұмысын 2022 жылға қорытындылайтын халықаралық конференция өткізу жоспарлануда. Конференцияда, зерттеу нәтижелерінің «Оңтүстік өңірдегі саяси қуғын-сүргін» жинағы жарияланады.

Өз кезегінде, қалада азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзАзаматтық қоғамШымкент
Previous Post

Этнос өкілдерін ұйыстыруда ұлттық идеяның ролі басым

Next Post

Шымкенттегі кезекші ХҚО жаңа мекенжайда жұмыс істейді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі