13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкентте «Қымыз – Ұлы даланың ұлы қазынасы» іс-шарасы өтті

18 ноября, 2022
in Мәдениет
0
Шымкентте «Қымыз – Ұлы даланың ұлы қазынасы» іс-шарасы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі «Достық үйінде» бүгін бие байлап, қымыз сапыруды кәсіп еткен азаматтар өзара сайысқа түсіп, ұлттық сусынды даярлау әдісі мен тәсілдері бойынша мықтыларын анықтады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы шеңберінде өткен «Қымыз – Ұлы даланың ұлы қазынасы» іс-шарасының ерекшелігі сол, қазақтың ұлттық сусынын даярлауда тек этнос өкілдерінің мүшелері бақ сынады.

Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезіміне, рухани болмысына, тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, мәдениеті мен өнерінің тұтас бөлігіне айналып кеткен киелі жануар екені белгілі. Қазақ баласының Қамбар ата түлігін төресіндей көретіні соншалықты, оны бүткіл болмысына, жан дүниесіне балап, теліген.

Қазақтың қадір тұтқан құндылығын өміріне шырақ, тіршілігіне арқау еткен азаматтар, оның ішінде этностық топ өкілдері арамыздан көптеп табылуда. Мақсат – қазақтың танымын, халқымыздың киелі құндылықтарын көпшілікке дәріптеу, олардың біріктірушілік әлеуетін пайдалана отырып, Қазақстан халқын мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыру.

Байқаудың қазылар алқасына кіл мықтының ішінен нағыз мықтыны анықтау оңай болған жоқ. Дегенмен, ұсынған қымызының даярлау әдісін, қымыз түрлері жөнінде кең мағлұмат берген азаматтар жоба жеңімпаздары болып танылды.

Қымыз қазақтың ұлттық сусыны ғана емес, жаны, тарихтан таған тартқан тарпаң болмысы. Оның қалай дейсіз ғой. Біз бүгінгі қажеттілікті кейінге шегеріп, өткеннің сүрлеуіне сүйеніп жазып отырмыз. Мысалы, біздің эрамызға дейінгі V ғасырда грек тарихшысы Геродот скифтердің бие сүтінен сусын ашытатынын әрі олардың сүт сақтау құпиясын ешкімге айтпайтынын жазады. Ал түркі халықтары этнографиясын зерттеуші Л.Потапов: «Қымызды ойлап тапқан – көшпенділер, себебі нағыз көшпенді тұрмыс шыдамды да, жүріске мықты жылқы өсірумен байланысты болды. Көшпенді тұрмыста бұл жаңалыққа тап болу әсте қиын емес еді. Сауып алынған бие сүтін тері ыдысқа құйып көшіп жүргенде ыстық күнде шайқалған сүт өзінен өзі қымызға айналған», деп қымыздың пайда болуы туралы өз пайым-пікірін жеткізеді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентқымызұлттық сусындар
Previous Post

Шынар – өндірістің үздік жас маманы

Next Post

КЕНТАУ: Қалада өрт қауіпсіздігі, газбен уланудың алдын алу шаралары мақсатында үгіт насихаттау жұмыстары жалғасауда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі