Шымкент каласында волейболдан 2008-2009 жылы туылған ұлдар арасында ҚР-ның чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне республикамыздың барлық аймағынан іріктелген командалар қатысып, өзара жеңімпаздарды анықтады.
Тартысты өрбіген ала доп аламанында Түркістан облысының волейболшылары ақтық сында «Астана» командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша, республикалық чемпионатта екінші орынды елордалық волейболшылар еншілесе, үшінші орынға Жетісу облысының командасы иелік етті.
Айта кетейік, ел чемпионатында топ жарған Түркістан облысының командасы – облыстық №2 Олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Спортшылар бұған дейін облыстық жарыстарда жүлдегер атанып жүрген сайыпқырандар.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласындағы Қажымұхан атындағы орталық стадионда волейболдан жасөспірімдер арасында Ел чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 19 команда қатысып,4 топ бойынша іріктеу сайыстарын бастаған еді.
Жылдың төрт мезгілінде жайлы ауа райы қалыптасатын Шымқалада демалыс күндеріне орай жасөспірімдер арасындағы түрлі деңгейдегі жарыстар өтуде. Солардың ауқымдысы волейболдан ел чемпионаты. Жиырмаға тарта команда төрт топ бойынша екі спорт кешенінде тартысты ойындар өткізуде. Жасөспірімдері волейболы дамып отырған мегаполис қалада ұлттық лигада ойнайтын не ерлер немесе әйелдер командасының жоқ екендігін тілге тиек еткен жарыстың өткізуші бас төрешісі Ирина Кабулбекова осы мәселені тез арада шешу керек екендігін айтты.
Төрт топтан жеңіп шыққандар алтын медаль үшін күресті. Қазірге алаң иелері өздерін жақсы қырынан танытып келеді. Құраманың бас бапкері Марғұлан Рүстемұлы бастаған шымкенттіктер Ақмола облысының командасын 3-0 есебімен жеңіп алды. Ал Түркістан облысының волейболшылары Тараз командасын айқын басымдықпен ұтты. Құрама сапында ерекше өнер көрсеткен Сағыныш Қырғызбаевтан мамандар үлкен үміт күтеді. Сонымен бірге Медине командасы екі кездесуде де жеңіске жетіп өз мықтылығын танытты. Жарыс жеңімпаздары 7 қараша күні анықталды. Тартысты өрбіген ала доп аламанында Түркістан облысының волейболшылары ақтық сында «Астана» командасымен кездесіп, жеңіске жетті.