13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Арыс» футбол командасы чемпионатты сәтті өткізіп жатыр

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Арыс» футбол командасы чемпионатты сәтті өткізіп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Арыс қаласында футбол командасы қайта жасақталған еді. Олар бүгінде Қазақстан чемпионатының екінші лига ойындарында доп теуіп жүр. Биылғы чемпионатты сәтті өткізіп жатқан арыстықтар бірінші лигаға өтуге жақын қалды. Кешегі турда олар Шымкентте жергілікті «Оңтүстік» командасымен күш сынасты.

Арыс футболына ғасырға жуық уақыт өтті. Кеңес кезінде «Локомотив» командасы елімізге танымал клуб болатын. Ал осыдан екі жыл бұрын Арыс командасы бірінші лигада жеңімпаз атанып, Премьер-лигаға жолдама алған еді. Бүгінде ол команда «Тұран» атауын алып, Түркістан облысының намысын қорғап жүр. Алайда арыстықтар үшін үлкен футболдың қызығы тоқтаған жоқ. УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай қайта жабдықталған стадион бос қалмасын деген мақсатта Арыс әкімі Гүлжан Құрманбекова кәсіби футбол клубын қайта құрған болатын. Құрылғанына жыл толмаған жаңа команда арыстықтардың ыстық ықыласына бөленіп жатыр.
Шымкенттегі матч бірдегеннен төрешілердің қонақтарға деген қысымымен басталды. Команданың бас бапкері Алик Бурибаев өзінің мықты ойыншыларын алаңға шығарды. Бұған дейін «Ордабасы» клубында доп теуіп жүрген Димаш Құдайберген мен Ерик Жарылқасын қос қапталдан жиі шабуыл жасап, Файзулла Ордабаев жаттықтыратын алаң иелерін қатты састырды. Тіпті «Арыс» командасының қақпасына 11 метрлік айып добы білгіленсе де қақпашы Исмайл Аскеров допты қайтара алды. Ортадағы қазы қызылордалық Еркен Жантугановтың бұратартуының салдарынан есеп 2-1 болып алаң иелерінің пайдасына шешілді. Тәуелсіз мамандар ойын жағынан, тактика бойынша Арыс футболшылары бір бас жоғары тұрғанын айтады. Қалған ойындарын сәтті өткізсе теміржолшылар командасы тағы да бірінші лигадан көрінуі мүмкін. Оған толық мүмкіндік бар, дейді сарапшылар.

Previous Post

В Шымкенте прошло мероприятие  "Аналар - шаңырақ шуағы"

Next Post

Шымкентте жүйке жүйесі ауруларының проблемалары талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі