13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің техникалық жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмыс тобының қорытынды кеңесі өтті

26 сентября, 2022
in Мәдениет
0
Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің техникалық жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмыс тобының қорытынды кеңесі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сақталуын мониторингтеу және зерделеу жөніндегі жұмыс тобының қорытынды кеңесі өтті. Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысты.

Тиісті мемлекеттік мекемелердің жан-жақты сараптамалары және ғалымдардың ой-пікірі тыңдалып, кесененің қазіргі ахуалы талданды. Аида Ғалымқызы кесене ғимаратымен танысып, мамандардың баяндамаларын тыңдады. Отырыс барысында мәселелерді шешудің түрлі жолдары ұсынылды.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы өз кезегінде баяндама жасап, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде туындаған мәселелерді шешуге және оның дұрыс сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жоспарды таныстырды.

2021 жылы және биыл бірінші жартыжылдықта кесененің аумағын абаттандыру жұмыстарына орай құрылыс материалдарымен жабылып қалған құдықтар арқылы ылғалдылықты қадағалауға мүмкіндік болмаған еді. Қазір құдықтар ашылып, тазарту жұмыстары жүргізіліп, күнде су деңгейін өлшеп отыруға мүмкіндік туды.

Жоспарға сай Кесенені сақтау, пайдалану, зерттеу, қорғау, басқару, қаржыландыру шараларының 2023-2027 жылдарға арналған менеджмент-жоспарын әзірлеу, басқарушы ұйым ретінде Әзірет-Сұлтан музей-қорығына жүктелген. Музей-қорық бұл жұмысты ағымдағы жылы аяқтайды.

Сондай-ақ, жүргізілген ғылыми зерделеу жұмыстарының нәтижесінде алдағы ғылыми-реставрациялауға жататын учаскелерді анықтау мақсаты алға қойылған болатын. Бұл жұмыстар Қазқайтажаңарту мекемесімен маусымдық жаз, күз, қыс, көктем кезеңдеріндегі өзгерістерді толық қамту мақсатында бір жыл көлемінде жүргізіліп, жоспарға сай келесі жылдың наурыз айында аяқталатын болады.

Есепті кезеңде барлық тиісті институт пен ұйымдар бірлесіп жұмыстар атқарды. Алдағы уақытта осы үрдіспен Жұмыс жоспарын толық орындауға бағытталған жоспар жүзеге асырылатын болады.

Previous Post

Қарулы күштердің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі мемлекеттік наградаға ие болды

Next Post

Тіл - мемлекеттік маңызды мәселе

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі