Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасының үйлестіру рөлінің нәтижесінде әскери нысандардың және құқық қорғау органдарының басшылығымен конструктивті қарым-қатынастың нығаюынан соң, гарнизондағы жалпы заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайы заңға сәйкестендірілді.
Әскери қызметшілердің арасында әлеуметтік шиеленіс ошақтарының шұғыл түрде алдын алу мақсатында, гарнизонның әскери прокуратурасы әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуде.
Осы ретте, Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы 2021 жылдағы заңдылықты қадағалау жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6698 әскери бөліміндегі 126 әскери қызметшінің құқықтарын қорғады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабына сай, еліміздің азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.
6698 әскери бөлімнің әкімшілігі Шымкент қаласында тіркелген және орналасқан, албір бөлімшесі Түркістан облысындағы Төлеби ауданының аумағында орналасқан.
«Ұлттық экономика министрлігінің статистика бойынша Комитеті» уәкілетті органының интернет-ресурсында жарияланған мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құны 2 207 теңгені құраған, пайдалы алаңның он сегіз шаршы метрі бойынша бір адамға төленетін тұрғын үй төлемінің жалпы сомасы 39 726 теңгені құраған.
Ал Шымкент қаласында осындай есеппен бір шаршы метр үшін 1 671 теңгені құраса, бір адамға 18 шаршы метр үшін жалпы сомасы 30 078 теңгені құраған.
Осылайша, 6698 әскери бөлімі 2019-2021 жылдары 126 әскери қызметшіге жалпы 60 622 116 теңге көлеміндегі төлемдерді кем жүргізген.
Қазіргі таңда,анықталған бұзушылықтар бойынша Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізгеннен соң, аталған әскери қызметшілердің алдындағы қарыздар толық көлемде төленіп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Е.Сыздыков
Шымкент гарнизоны
әскери прокуратурасының
аға прокуроры,
әділет капитаны