13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент күштік құрылымдардың басшыларымен кеңес өткізді

15 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Президент күштік құрылымдардың басшыларымен кеңес өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өкілетті органдар басшыларының кеңесі өтті.

Жиынға Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің бірінші  басшылары,  сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшылығы мен Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты қатысты.

Мемлекет басшысына қаңтар айының бірінші онкүндігінде еліміздің бірқатар өңірінде болған оқиғалар бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу амалдарының барысы, сондай-ақ арнайы жүргізілген операциялардың нәтижелері, елімізде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.  Қазақстанда, соның ішінде Алматыда болған қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу мәселесіне, қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауға, қиын-қыстау кездерде күштік құрылымдардың іс-қимылдарын үйлестірудің жаңа нормативтік базасын әзірлеуге баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына Арнаулы операциялар күштерін жасақтау жұмыстарын жеделдетуді және ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру жөнінде нақты ұсыныс беруді тапсырды.

Президент лаңкестікке қарсы операциялар мен тергеу шараларын жүргізу барысында азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеудің маңызды екенін айтты.

 

Previous Post

Мәдениет және спорт министрі спорт нысандарының жұмысымен танысты

Next Post

Қала әкімі Абай ауданының тұрғындарымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі