13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіштің қайда екенін айтты

14 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіштің қайда екенін айтты
Share on FacebookShare on Twitter

43 жастағы Самат Әбіш Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы болып келетін ведомствоның бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлайды Sputnik.kz

 «Келіп түскен сұрауларға сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол жылсайынғы демалысында», — делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны хабарланды.

43 жастағы Самат Әбіш Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етеді. Генерал-лейтенант шені бар.

Previous Post

Шымкентте бейнебақылау камералары қалыпқа келтірілуде

Next Post

Кәсіподақ : «Жедел желі» іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі